Білім • 22 Маусым, 2023

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын «Болашақ» стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Дүйсенәлі Әлімақын 2021 жылдың тамыз айынан бастап «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде тілші қызметін лайықты деңгейде атқарып келеді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Республикалық «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпазы (2021 жыл). «Қараша құстар ғазалы», «Жанарымда түн сөйлейді» жыр кітаптары жарық көрген.

Айта кетейік, биыл 182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.