Елорда • 23 Маусым, 2023

Астанада азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында кезекті азық-түлік жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бұл жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түліктерді көтерме бағамен сатып ала алады. Сондай-ақ азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілеріне сауда орындары мен қоймалар жалға беріледі.

Жәрмеңке күнделікті Алаш тасжолы, 31/2 мекенжайында («Шанхай/Көк Базар», «Шарын», «Алаш», «Әмір» базарларының қасында) 9:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Дәл осындай жәрменкелер Абылай хан даңғылы, 20а, Сауран көшесі, 7 және Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайларында да жұмыс істейді.