Президент • 24 Маусым, 2023

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

Мемлекет басшысына Премьер-министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.

Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.