
«Беларусь президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихаты барысында.