Мәдениет • 26 Маусым, 2023

Қазақ өнері – Ташкент төрінде

196 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Күні кеше ғана Өзбекстанда Қазақ мәдениеті күндері аяқталды. 20 маусымда басталған бірқатар іс-шара Ташкенттегі Әлішер Науаи атындағы Үлкен театр сахнасында «Абай» операсымен салтанатты түрде қорытындыланды. Тарихи туындыны Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шығармашылық ұжымы ұсынды.

Қазақ өнері – Ташкент төрінде

Қазақ мәдениеті күндерінің салтанат­ты­ жабылуына Мәдениет және спорт ми­нистрі Асхат Оралов қатысты. Ол жи­налған көрерменге бауырлас қазақ хал­қының ыстық сәлемін жеткізіп, Қазақ­станның мәдениет күндерін ұйым­дас­ты­ру­ға көмектескені үшін өзбек тарапына ал­ғы­сын білдірді.

«Бірнеше күн ішінде Өзбекстанның ірі қала­ларында қазақстандық фильмдердің көр­сетілімдері, әртістеріміздің гала-кон­церт­тері және басқа да іс-шаралар өтті. Қазақ­станның мәдениет күндерін «Абай» опера­сының көрсетілімі аяқтайды. Абай Құнан­байұлы – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлем үшін даңқты тұлға. Абай әрқа­шан адамзат баласын сүюге шақырған. Осы қағидаларға сүйене отырып, біз өзбек­ әріптестерімізбен қарым-қатынасты н­ы­ғай­ту бағытында жұмыс істейміз деп уағ­да­ластық. Өзбекстан Республикасының мә­дениет және туризм министрлігіне руха­ни­ қолдау көрсеткені және көмектескені үшін­ ерекше рахмет айтамын», деді министр.

Ведомство басшысы Өзбекстанға жұ­мыс­ сапары аясында Төле би кесенесі мен әлемдегі ең көне Құран қолжазбасы сақ­талған Хаст-Имам мешітін арала­ды.­ Сонымен қатар өзбек әріптесі Озод­бек­ Назарбековпен екіжақты кездесу өткі­зіп, екі елдің мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты тал­қы­ла­ды.

Өзбекстандағы Қазақ мәдениеті күн­­­дерінің төрткүндік бағдарламасына сай 20 маусымда Ташкенттегі «Түркістан» өнер сарайында Роза Бағланова атындағы «Қазақ­концерт» МКҰ әртістерінің гала-кон­церті өтті. Сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ах­метова мен Әлішер Кәрімов, «Дарын» мем­лекеттік жастар сыйлығының лауреаты­ Рухия Байдүкенова, республикалық және халық­аралық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Меңді­ғалиева, Дидар Әбдіхалық, GULDER ансам­блі мен TURAN этно-фольклорлық ансам­блінің әртістері шықты. Мұндай гала-концерттер Өзбекстанның басқа қала­ла­рында да өтті.

Қазақ өнерпаздары 22 маусымда Самар­қанд облыстық музыкалық-драма теат­рында, 23 маусымда Бұхарадағы жас­тар орталығының концерт залында өнер көрсетті. Ал Ташкент қаласындағы Әлі­шер Науаи атындағы кинотеатрда 20-23 маусым аралығы қазақ киносына­ ар­налды. Бағдарламаға «Мұқағали» (ре­­жиссері Болат Қалымбетов), «Дос-Мұқа­сан» (режиссері Айдын Сахаман), «Пара­лимпиадашы» (режиссері Алдияр Байрақымов), «Стартта» (режиссері Ернар Нұрғалиев), «1941 жылдың жазы» (режис­се­рі Бекболат Шекеров) кинокартина­лары, «Сұлтан Бей­­барыс» лентасы (режиссері Болат Мансұров) және «Кенже қыз», «Бесік жыры», «Әмен-аға ағашы» анимациялық фильм­дері енді.

Айта кетейік, қазақ өнерінің өзбек төрін­дегі бұл сапары алдағы уақытта да жал­ғас­пақ.­ Биыл Өзбекстан Республикасында М.Өс­кін­баев атындағы Маңғыстау облыс­тық филармониясының гастрольдік сапары жоспарланып отыр.