Заң жобасы Қазақстанға заңсыз жолмен алынған мүлікті анықтау мен қайтарудың және оларды заңды экономикалық айналымға тартудың заңнамалық тетіктерін айқындауға, мүлікті заңсыз иемдену мен алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, сондай-ақ қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған. Бұған дейін айтылғандай, заң жобасында активтерді ерікті және мәжбүрлі қайтару қарастырылған.
«Ерікті қайтару заңсыз алынған мүліктің барлығын немесе бір бөлігін өз еркімен қайтару туралы шарттар жасасу арқылы мемлекет меншігіне беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжбүрлеп қайтару Қазақстанның, шет мемлекеттердің сот актілері немесе олардың құзыретті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады. Онда қайтарылған активтерді жинақтау және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құру қарастырылған», деді сенатор Андрей Лукин.