Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Асылбек Шәменов журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатарынан екінші жыл өткізіліп отырған турнирдің топтық кезеңінен сүрінбей өткен «Қазмедиа», «Qaz365.kz», «Атырау», «Шымкент» командалары жартылай финалға шықты. Финалда «Qaz365.kz» командасын ұтқан «Қазмедиа» жігіттері республикалық турнирдің чемпионы атанып, 1 000 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Екінші орын алған «Qaz365.kz» 700 мың, қола жүлдегер – «Атырау» 350 мың теңге иеленді.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» аталымын 6 гол салған атыраулық Қайсар Жетпісбай алса, жергілікті «Қоғам ТВ» командасының ойыншысы Ержан Батыршаев «Үздік шабуылшы» деп танылды. Ал «Шымкент» командасының ойыншысы Айбек Қабылша «Үздік қақпашы», түркістандық әріптесіміз Самат Сүлей «Үздік қорғаушы» атанды.
Қызылорда