«29 маусым күні сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», делінген Polisia.kz хабарламасында.
Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді», делінген хабарламада.