Ауа райы • 30 Маусым, 2023

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 30 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады. Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста, республиканың орталығында күн райы жауын-шашынсыз болады.

Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, елдің солтүстік-шығысында, шығысында - бұршақ, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең - тұман, оңтүстік-батысында – күндіз шаңды дауыл сақталады.

Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.