Президент • 30 Маусым, 2023

Құрғақ есептер емес, нақты нәтижелер қажет - Президент

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ өкілдеріне өзекті мәселелерді шешіп, нақты нәтижеге жұмыс істеу керегін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрғақ есептер емес, нақты нәтижелер қажет - Президент

«Бюрократия жойылса, полицияның уақыты үнемделеді, күш-қуаты босқа жұмсалмайды. Азаматтардың өзекті мәселесін шешуге көбірек мүмкіндік туады.

Біздің азаматтарымызға құрғақ есептер емес, сіздердің қызметтеріңіздегі елеулі өзгерістер мен нақты нәтижелер қажет. Сервистік модельдің мәні – осы. Оның негізгі тәсілдері полиция қызметінің барлық аспектілері мен салаларына енгізілуі керек», деді Президент.