Президент • 30 Маусым, 2023

Президент ІІМ-ге шетелден заңсыз көлік әкелу мәселесін шешуді тапсырды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден әкелінген көліктердің жағдайды күрделендіріп жібергеннін айтып, мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ІІМ-ге шетелден заңсыз көлік әкелу мәселесін шешуді тапсырды

«Ел аумағына ретсіз әкелінген шетелдік көліктер де жолдағы жағдайды ушықтырып жіберді. Олар тіркеусіз жүрді. Мұндай көліктерді тізгіндеген жүргізушілер жол жүру ережесін өрескел бұзды және көбіне жазасыз қалды. Қазір менің тапсырмам бойынша бұл көліктердің мәселесін құқықтық тұрғыда реттеу үшін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Президент.

Мемлекет басшысы бұндай заңсыздықтарға ІІМ өкілдерінің де қатысы барын атап өтті. Сондай-ақ әділетті жүйені қалыптастыру үшін заңсыздықтарға жол берілмеуі керек екенін айтты.

«Уәкілетті мемлекеттік органдардың үстірт шешімі осындай көліктердің елге жаппай әкелінуіне себепші болды. Енді жіберілген олқылықтарды түзеуге мәжбүр болып отырмыз. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің де қателіктері бар. Бұдан бөлек, шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды. Оған полиция қызметкерлерінің де қатысы бар. Әділетті әрі құқықтық мемлекетте бүкіл құқық қорғау жүйесінің атына кір келтіретін мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі керек.

Сондықтан құқық қорғау органдары осы саладағы мамандармен және азаматтық белсенділермен бірлесіп, аталған мәселемен жан-жақты айналысуы керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.