Аймақтар • 30 Маусым, 2023

«Қаржы пирамидасын құрды» деген күдікті қамауға алынды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы аумағында Qnet қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаржы пирамидасын құрды» деген күдікті қамауға алынды

Тергеуде анықталғанындай ол 2020-2021 жылдар аралығында қаржы пирамидасын құрып, оның қызметіне 38 адамды қатыстырған.  Келтірілген залал көлемі 46 млн теңге.

Сот санкциясына сәйкес күдікті күзетпен ұстау түріндегі шарамен 2 ай мерзімге қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.