Байқаудың басты мақсаты - кәсіби қоғамдастықтың бағалау призмасы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсету.
2023 жылы бәйгеге қатысу үшін 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша қабылданды. «Тұмар» ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.
Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.
Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері сыйлықтың прайс-листіне енген 48 үміткерді жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, «Тұмар» ұлттық бәйгесінің марапаттау рәсімі 4 шілдеде Астана қаласының «Қазмедиа орталығында» өтеді.