Мәдениет • 01 Шілде, 2023

Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Төле би кесенесіне барды

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші, музыкант Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Ташкентке сапарында Мәдениет және туризм министрі Озодбек Ахмадұлымен бірге Шейх Хованди Тохур мен Төле би кесенелерін аралағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген Өзбекстандағы Төле би кесенесіне барды

Шейх Хованди Тохур - 14-ғасырда өмір сүрген ғұлама әрі сопы, Ахмет Ясауи ілімін ұстанушы болған. Ол халықты білімге, елбасыларды татулық пен келісімге шақырған әулие ретінде ел есінде қалды.

Төле би 17-ғасырда шейх кесенесінің айналасына жерленген. Қарлығаш әулие деген атпен белгілі бұл кісі қазақ халқының бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі болған. 

«Ескі Ташкенттегі Себзор массивіндегі хазірет Имамның (Хастимам) бейітін де зиярат еттік. «Муйи Муборак» медресесінде сақталған хазірет Осман Мұшафидің Құран Кәрімнің ең көне данасын көру бақытына ие болдым. Бұл мүбәрак Құран 7-ғасырда (644-648 жж.) үшінші халифа Осман ибн Аффанның (Алла оған разы болсын) бұйрығымен бұғы терісіне көшірілген. Сапарымызда өзбек қолөнерінің үлгілерін тамашалаудың сәті түсті», деді Димаш Құдайберген.