Ғылым • 03 Шілде, 2023

Отандық ғарыш ғылымының негізгі жетістіктері

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мейірбек Молдабеков Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерімен бөлісті. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Фархат Қайратұлы жазды

Отандық ғарыш ғылымының негізгі жетістіктері

Ғалымның айтуынша, елімізде ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған және респуб­ликаны индустриялық-инно­ва­ция­лық дамытудың 2009-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары аясында ғарыш қызметін дамытудың салалық бағдарламасын қабылдау әрі іске асыру отандық ғарыш ғылымының дамуына айрықша серпін берген. Нәтижесінде 2007-2014 жылдары белгілі ғарышкер, май­талман инженер Талғат Мұса­­­баев басқарған Ұлттық ға­рыш агенттігі ғарыш саласының ғы­лы­ми және инженерлік өзегін қалып­тастырды. Сол арқылы ғарыш техникасының отандық үлгі­лерін жасау жөніндегі ғы­лыми әзірлемелердің жаңа бағыттары дамыды. Ел ға­лым­дары мен инженерлерінің қа­ты­суымен ғарыштық байланыс және Жерді қашықтан зондтау жүйелері құрылған.

«Еліміздің жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесі дүниеге келді. Оны толығымен отандық ғалымдар әзірлеп шықты. Спутниктік навигация саласындағы құзыреттерді және ғарыш жүйелері қызметтерінің түпкілікті тұтынушылары үшін көптеген қосымшаны қарқынды дамыту үшін тиісті жағдай жасалды. Ғарыштық техниканы­ және ғарыш қызметтерін тұты­ну­­­шылардың аппараттық-бағдарламалық құралдарын әзір­леу мен өндірудің ғылыми-техно­ло­гиялық және өндірістік базалары құрылды. Біздің ғалымдар мен инженерлердің арқасында ғылыми және технологиялық мақ­саттағы отандық екі ғарыш аппараты құрылып, ұшырылды, ойдағыдай іске қосылды», деп түйіндеді маман.