Ауа райы • 03 Шілде, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады деп болжанып отыр.

«6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы қалыптасатыны болжанады.

Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде температура: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстікте +25+38°С дейін аздап төмендейді», делінген синоптиктер ұсынған мәліметте.