Қаржы • 03 Шілде, 2023

Доллар арзандады

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,13 теңгеге төмендеп, 448,13 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар арзандады
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,83 теңге (-0,52) болды.
 
Ұлттық банк еуро бағамын 490,22 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.
 
Ақша айырбастау орындарында доллар 450-453 теңге, еуро 490,5-495 теңге, ресей рублі 5,01-5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.
 
Ал 3 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендей түсті.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне 0,70%-ға арзандап, 74,88 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,79%-ға арзандап, барреліне 70,08 доллар болды.