Аймақтар • 05 Шілде, 2023

Үкімет «Каспий» тұщыландыру зауытын жаңғыртуды аяқтау үшін қаражат бөледі

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірді сумен қамтамасыз ету көлемін арттыру үшін «Каспий» тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет «Каспий» тұщыландыру зауытын жаңғыртуды аяқтау үшін қаражат бөледі

2020 жылы басталған зауытты кеңейту жұмыстары қазіргі уақытта аяқталуға жақын. Жобаны іске асыру нәтижесінде «Каспийде» ауыз су беру тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғаюға тиіс, бұл өңірді сумен тұрақты түрде қамтып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын директоры Нұрлыбай Аққұлов зауытты жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жобаны аяқтау үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға шамамен 5 млрд теңге қажет.

Премьер-министр Маңғыстау облысындағы Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының 180 мың тұрғыны үшін бұл жобаның маңызы зор екенін атап өтті.

«Үкімет оны жақын арада аяқтау үшін қажетті қаражатты бөледі. Облыс әкімдігі тұщыландыру зауытында жаңа өндірістік қуаттарды жедел іске қосу бойынша барлық шараны қабылдауы қажет», деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше