Елорда • 06 Шілде, 2023

Елордада «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән беріледі

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында айтқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән беріледі

Еске сала кетсек, бауырлас қалалар форумы 5 маусымда өткен. Онда елорданың кешегі тарихы, бүгінгі әлеуеті мен ертеңгі болашағы сараланды.

«Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы ретінде таниды. Себебі ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер Қазақстан жүрегінде бітімге келген.

«Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін», деді Президент форум барысында.

Ьыд