Бүгін сағат 17:05-те Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағындағы өрт толығымен сөндірілді.
«Өрт жетуі қиын таулы, жартасты жерде орын алғандықтан, оны сөндіруге қиындық туғызды. Орманшылардың, өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың және авиабөлімшелердің бірлескен күштерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге барлығы 250-ден астам адам, 26 бірлік техника, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның, Қорғаныс министрлігінің, ШҚО әуе бөлімшесінің, Қазәуеорман күзетінің 5 тікұшағы жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Су төгетін құрылғылардың көмегімен өрт ошақтарына барлығы 125 рет су төгілді.