Теннис • 09 Шілде, 2023

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалықТеннис Сандгренмен ойнады.

М.Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен ерекшеленді.

М.Кукушкин финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салады.