Оқиға • 09 Шілде, 2023

Алматыда базар өртеніп жатыр

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы «Кенжехан» базарында қоймалар өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда базар өртеніп жатыр

Өрт туралы қоңырау бүгін сағат 12 шамасында түскен.

«Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін «Кенжехан-2» киім базарының аумағында контейнерлік үлгідегі қоймада өрт болғандығы анықталды», деп хабарлады ТЖМ.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетімен сағат 12.52-де  өрт оқшауланды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.