Футбол • 10 Шілде, 2023

Финалға өткені белгілі

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада футболдан Қазақстан кубогі жолындағы бәсекенің жартылай финал матчтары өтіп, финалға шыққан командалар белгілі болды.

Финалға өткені белгілі

Жартылай финалдың алғашқы жауап матчында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында елорданың «Астанасын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапынан Шахбоз Умаров пен Темірлан Ерланов мергендігімен көзге түсті. Астанада өткен бірінші ойында елордалықтар 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Екінші жартылай финалда «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездесіп, қос­танайлықтар екі ойында да мұнайлы өлке­нің клубын 1:0 есебімен жеңіп, Қазақ­стан кубогінің финалына шықты. Кездесу тағ­дырын шешкен жалғыз голды «Тобыл» сапынан Иван Рогач соқты.

«Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы фи­нал­дық матч төртінші қарашаға жос­парланған.