Әлем • 10 Шілде, 2023

Ресейдің Магадан облысында қар жауды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 шілдеде Ресейдің Магадан облысында 37 градус ыстықтан кейін қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің Магадан облысында қар жауды

Бұған дейін синоптиктер облыста нөсер жаңбыр жауып, жолдарды су шайып кетуі мүмкін екенін ескерткен еді.

Айта кетсек, жаз мезгілінде бұл аймақта жыл сайын қар жауады. Ресейдің Магадан облысы бойынша гидрометеорологиялық орталығы бұны растап отыр.

«Шынымен Магадан облысының орталық аудандарында жыл сайын дерлік жазда, соның ішінде шілдеде қар жауады. Биыл аймақта 37 градустан жоғары аптап ыстық болды. Қазір ауа температурасы нөлдік мәндерге дейін төмендеді», деді мамандар.