Аймақтар • 10 Шілде, 2023

Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 10 шілдеде Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

Ведомство өкілдері нақтылағандай, өрттің нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы айқындайды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Еске сала кетейік, 6 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысы ТЖД Қараой ауылдық округінде «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағында жетуі қиын, батпақты, жолсыз жерлерде қамыс өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен еді.

Өрт орнына аттанған мамандар қамыс өрті екі кордон аумағында болғанын анықтады. Жалынмен күрес жұмыстарына 26 адам мен 13 бірлік техника жұмылдырылған.