Көрме • 10 Шілде, 2023

Шаһар шежіресі

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тарихы қашан да қызық. Әсіресе оған оқушылардың көзімен қарағанда. Ширек ғасырда адам танымастай өзгерген астанамыздың бет-бейнесі тәуелсіздігіміздің келбе­тіндей. Оны «Шаһар шежіресі» атты көрмеге келген жастар айтып отыр.

Шаһар шежіресі

Астана – талай дәуірді бас­­тан кешкен көне қалалар­дың жалғасы. Мұнда баба­ларымыздың жүріп өткен жолы жатыр. Еңселі ғима­рат­тар мен зәулім нысандар көз тартқанымен, тереңіне бойласаңыз шежірелі дерек­тер менмұндалайды. Еркін­діктің емлесінде ерке шаһар­дың әрбір қаланған кірпіші азаттығымыздың баспалдағы секілді. Оны Астана қаласы мемлекеттік архивінің Ұлт­тық архивпен бірлесіп өткізген «Ше­жіре тұнған елорда» атты жиы­нында аңғардық.

Кездесу аясында қазіргі Астана аумағында орналас­қан ортағасырлық Бозоқ қала­шығынан бастап, Ақмола бекінісі, Целиноград қаласы және Тәуелсіздік кезеңіне де­йінгі Астананың даму тарихы жазылған «История столицы Казахстана. Материалы и рассказы по истории города» кітабының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар шараға жи­нал­ған жас оқырмандарға «Шаһар шежіресі» атты деректі көрме ұсынылды.

ит

Деректі көрменің экспо­­зициясына Ұлттық архив­тің, Астана қаласы мемле­кет­­тік архивінің, Орта­лық мем­­­лекеттік кино­фото­құ­жат­­тар мен дыбыс жазбалары архивінің және Тұңғыш Пре­зидент кітапханасының бірегей архивтік құжатта­ры мен фотоматериалдары қо­йылып, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүр­гізілді.

Іс-шара барысында Роза Бағланова атындағы №2 Ба­ла­лар музыка мектебінің бір ­топ оқушысы «Ұлттық дом­бы­ра күнін» дәріптеу мақса­тын­да бірқатар күй орындап, Астанаға арналған жыр-шу­мақтарын жеткізді. Келелі кездесу соңында оқушылар мен архив қызметкерлері естелік суретке түсіп, қаланың көрікті жерлерін аралады.