Музей • 10 Шілде, 2023

Отырардан жеткен қазына

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қоры­ғының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәде­ниеті» тақырыбында көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған көрмеде еліміздің ежелгі өрке­ниет ордасы – Отырарға қатысты құнды жәдігерлер таныс­ты­рыл­ды.

Отырардан жеткен қазына

Өз заманында өркениеттің ордасы саналып, Батыс пен Шығыс­ты байланыстырған, қазақтың бой­тұ­ма­рына айналған Отырар көрмесіне тарихтың, халықтың өсу жолымен ұш­тасып, жалғасып келе жатқан зерт­теу­лер нәтижесінде табылған жәді­герлер қойылған. Тарихи-тағы­лымды көрмеде Отырар дала­сында Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынастарының дамуы және Қарахан дәуірінен бастап, Қазақ хандығына дейінгі қалалық мәдениеттің өркендеуі мен дамуынан хабар беретін 154 археология­лық жәдігер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрерменге өткен тарихымыз­дан кең көлемде мәлімет беру үшін мұражай қоры жина­ғындағы архео­логиялық жәдігерлер – кера­мика­­­лық бұйымдар, нумиз­ма­тикалық мате­риалдар, шыныдан жасалған заттар, басқа да заттай дәйектемелер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар ұсынылды.

Іс-шара барысында Ұлт­­тық музей директорының мін­де­тін атқарушы Ақмарал Ибраева мен «Отырар» мем­ле­кеттік архео­ло­гиялық музей-қоры­­ғы­ның директоры Жангелді Маха­шов халқымыздың өткен тари­хы­нан­ сыр шертіп, толымды әрі тың­ мәліметтер ұсынып отыр­ған көр­ме жұмысына сәт­тілік тіледі. Ортағасырлық көне қаладан табыл­ған жәді­гер­­лер тарихы Отырар, Оқ­сыз,­ Құйрықтөбе – орта­ға­сыр­­лық қаласымен де үнде­сіп­ жатқанын айтып, осындай көр­­­мелер жергілікті тұрғындар көкі­­регіне рухани нәр құятынын жет­­кізді. Ойлылардың ізі қалған Оты­­рарда әлемдік өрке­ниет­тің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фараби дүниеге келсе, түркі халықтарының руха­­­ни­ көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім тарат­қан­дығы айтылды. Әлемдік өрке­ниетте өзіндік үлесі зор, тарихы тереңде жатқан Отырар бүгінде – туризм орталығы деп түйіндеп, Ұлттық музей экскурсоводтары келушілерді көрме барысымен таныстырды. Айта кетейік, көрме 30 шілдеге дейін жал­ғасады.