Теннис • 11 Шілде, 2023

Төртінші кезеңнен аса алмады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әлемнің 26-ракеткасы Алек­сандр Бублик Уимблдон тур­нирі­нің ширек финалына шыға алмады.

Төртінші кезеңнен аса алмады

Жерлесіміз Лондонда өтіп жатқан тен­нистен «Үлкен дулыға» санатындағы тур­нирдің төртінші айналымында әлемнің 7-ракеткасы ресейлік Андрей Рублевпен шеберлік байқасты. Орталық кортта өткен кездесудің алғашқы екі партиясы Бублик үшін сәтсіз басталды. А.Рублев екі сетте де бір-бір брейк-пойнт жасап, 7:5 және 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал кейінгі екі партияда А.Бублик қарқынын артты­рып, таразы басын теңестіріп кетті. Отан­дасымыз қарсыласы сияқты брейк-пойнт жасай алмаса да, тай-брейкте сәтті ойнады. Атап айтқанда, үшінші сетте есеп 6:6 болып тұрғанда тай-брейкте 8:6 есебімен мықтылық танытса, төртінші сетте 7:5 (7:6) нәтижесімен басым болды.

Өкінішке қарай, А.Бублик бесінші партияның жетінші геймінде Андрей Рублевке тағы бір брейк жасауына мүмкіндік беріп, уысында тұрған жеңісінен айырылып қалды – 6:4. Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» жарысының төртінші айналымына дейін жетті. Бублик пен Рублев осыған дейін бір-бірімен бес рет кездесіп, соның екеуінде жерлесіміздің мерейі үстем болған еді.