Күрес • 11 Шілде, 2023

Будапештке бабы келгендер барады

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-17 шілде күндері Мажарстан астанасы Будапештте күрес түрлерінен биылға жоспарланған ең соңғы рей­тинг­тік турнир өтеді. Бұл сында елі­міз­дің де балуандары өнер көрсетеді.

Будапештке бабы келгендер барады

Олимпиада чемпионы Имре Пойяк пен Янош Варганы еске алуға арналған байрақты бәсеке Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңі саналады. Будапешт бозкілемінде ел намысын еркін күрес балуандарынан Азия чемпионы Талғат Сырбаз (70 кг), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов (67 кг), Сары құрлық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов (79 кг), Азия чемпионы Юсуп Батырмырзаев (125 кг), әйелдер күресінен Марина Седнева (55 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Жәмила Бақбергенова (72 кг), тағы басқа балуандар қорғайды.

Сонымен қатар грек-рим күресінен Азия және әлем біріншіліктерінің, халықара­лық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегер­лері Аманғали Бекболатов (55 кг), Ернар Фидахметов (60 кг), Мақсат Ережепов (77 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг), өзге де балуандар жарыс алаңына шығады.