Шаруашылық • 12 Шілде, 2023

«Дала күні» шарасы

355 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы саласында жаңа өнім дайындау үшін көп еңбектену керек. Мамандар жаңа тұқым сұрыбын шығаруда түрлі тәжірибеге барады. Осы ретте Сарқан астықты мал азықтық мемлекеттік сорт сынау учаскесінде Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-нің ұйымдастыруымен Дала күні өтті.

«Дала күні» шарасы

Елдің әр аймағынан жиналған ауыл шаруашылығы мамандары тұқым сортын даярлау мен оны жерсіндіру және сынақтан өткі­зу төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Егістік басына жи­нал­­ған қауым отандық және шетел селекциясының дәнді, дәнді бұршақ, майлы мал азығы дақыл­дарының селекциялық жетістіктері мен «Limagrain europe» ЖШС, «ABUS qroup» ЖШС сияқты елдің тұ­қым шаруа­­­шылығында жұмыс істей­тін компания өкілдерінің та­ныс­тыруымен селекциялық және сорт сынау бағытында пайдаланылатын ауыл шаруа­шы­лығы техникаларының, зерт­ха­налық жабдықтардың заманауи үлгілерін тамашалап, елдің тұқым шаруашылығы саласында жұмыс істейтін фирмалардың тұсаукесер таныстырылымдарына куә болды.

Ауыл шаруашылығы ми­нис­трлігі «Ауыл шаруашы­лы­­ғы дақылдарының сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-нің төрағасы Талғат Ажғалиев елдегі сорт сынау сала­сы­ның тарихы 1937 жылдан бастау алатынын, бү­гін­де Жетісу жерінде 6 сорт сы­нау орталығы жұмыс іс­тей­ті­нін, ал Сарқан сорт сынау ор­та­лығында қант қы­зыл­шасы, бидай, майбұршақ, жүгері, картоп, күнбағыс, басқа да ауыл шаруа­шылығы дақылдары сы­нақ­­тан өтетінін әрі үлгілі шаруа­­шылық болып табылатынын жеткізді. Орталықта әсіресе қант қызылшасы, майбұршақ, күн­­бағыс, жүгері, арпа, бидай, көп­жылдық шөптерге ба­сым­дық бері­летіні айтылды. Сарқан МСУ жетекшісі Тамара Иващенко жиналғандарды ал­қап­та өсіп, өңірде егілетін дәнді дақыл түр­ле­рімен таныс­ты­рып, сараптама жүргізді.

Іс-шараның ресми бөлімінде Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің тұқым шаруашылығы және сорт сынау басқармасының басшысы Айман Телегенованың, Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың, «ABUS qroup» ЖШС бас директоры Қуаныш Әбдірахмановтың, рес­публикалық зертхананың басшысы Айжан Жұмаханованың, «Қа­зақ егіншілік және өсімдік шар­уашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-ның дәнді да­қыл­дар зертханасының мең­герушісі Бақыт Айнебе­ко­ва­ның, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылы­ми зерттеу инс­титуты» ЖШС-ның майлы дақылдар зерт­ханасының мең­герушісі Светлана Дидо­рен­коның, «Майлы дақыл­дар тәжірибе шаруа­шы­лы­ғы» ЖШС директорының ғы­лым жөніндегі орынбасары Ләйла Абытаеваның, «Әлем Агро Холдинг» ЖШС тұқым бизнесін дамыту менеджері Еділ Кал­ман­бетовтың баяндамалары тың­дал­ды.

Жиын соңында қажырлы ең­бе­­гімен дараланғандарға Қа­зақ­­стан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақыл­да­ры­ның сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ төсбелгілері салтанатты түрде табысталды.

 

Жетісу облысы