Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,3 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.
«Атқарылмаған қаржы 62 млрд теңге болды, оның ішінде 13 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 49 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Мәдениет және спорт, Сыртқы iстер министрліктерінде қалыптасты», деді Қаржы министрі.
Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу; шот-фактуралар, атқарылған жұмыс актілерінің уақытылы өткізілмеуі; есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.
Ал жергілікті бюджеттердің шығысы 5,8 трлн теңге болды. Атқарылмағаны - 28 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 шілдеге 755 млрд теңге бөлінген Оның 99,0%-і игерілген.
«Игерілмегені – 8 млрд теңге. Ең көп игерілмеу: Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Атырау облыстарында қалыптасты», деді Ерұлан Жамаубаев.