Шахмат • 12 Шілде, 2023

Ойлылар ойынында озық шықты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында шахматтан 6 және 18 жас ара­лы­ғын­да өткен Батыс Азия біріншілігінде Қазақ­­стан құрамасы мол олжаға кенелді.

Ойлылар ойынында озық шықты

Әр жас санаты бойынша өткізілген додада Қазақстан құрамасының шахматшылары ел қоржынына 40 медаль салып, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, жерлестеріміз классикалық шахмат бойынша 4 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте Өзбекстан өкілдеріне ғана жол беріп, екінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ 6 жасқа дейінгі чемпио­наттан тыс жағдайда өткен ойында еліміздің жас шахматшылары 2 алтын және 1 күміс жеңіп алды.

Ал рапид және блиц шахмат бойынша отандастарымыз командалық есепте үздік шықты. Блиц бәсекесінде шахматшыларымыз 5 алтын және 3 қола медаль олжаласа, рапид бойынша да жерлестеріміз топ жарып, 7 алтын, 3 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.

Сары құрлық додасына Бангладеш, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Оман, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінен 280-нен астам шахматшы және Халықаралық шахмат федерациясы атынан ойыншылар қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50