Спорт • 13 Шілде, 2023

Жарыс күнтізбесі бекітілді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылы Өзбекстанның бас ша­һа­ры­ – Ташкентте жалауы желбі­рей­тін фут­­залдан әлем чемпионатына­ жолдама беретін элиталық іріктеу кезеңінің ойындар кестесі жарияланды.­

Жарыс күнтізбесі бекітілді

Осыдан екі жыл бұрынғы әлем бірін­ші­лі­гінде төртінші орынға ие болған Қазақстан құрамасы элиталы кезеңде Нидерланд, Румыния және Әзербайжан футзалшылары­мен бір топта ойнайды. Біздің команда үшін элиталық раунд қыркүйек айында сырт алаңдағы Нидерланд құрамасымен өтетін матчпен басталады. Іріктеу кезеңінің соңғы ойыны да сырт алаңда желтоқсан айында Румынияда өтеді.

Сонымен қатар жерлестеріміз 20 қыр­күйекте өз елімізде Румынияны қабылдаса, 6 қазанда Әзербайжанға қонаққа барады. Ал 11 қазанда елордада Әзербайжан, 14 жел­тоқ­санда Нидерланд футзалшыларымен шебер­лік байқасады. Топ жеңімпазы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған командалар 2024 жылдың сәуірінде өтетін өтпелі ойындарға қатысады.