Тағайындау • 13 Шілде, 2023

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл қызметке Бақытжан Байахметов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов 1970 жылдың 29 тамызында бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінде Аягөз электр торабының инженері ретінде бастап, 1999-2000 жылдары жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы қызметіне тағайындалады.

2000 жылы «ШҚ РЭК» жабық акционерлік қоғамның техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы болып, 2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары аудандық электр торабын да бөлім басшысы, торап бастығы қызметтерін атқарды.

2004 жылы «ШК РЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының директоры болып тағайындалды.

2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы болып қызмет ақтарды.

2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры ретінде жұмыс істеді.

2009 жылдың ақпан айынан маусым айында дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігін де басқарма бастығы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың маусымында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті болып тағайындалды.

2009 жылдың қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне ауысты.

2010 жылдың қарашасынан бастап Аягөз қаласының әкімі болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың сәуірі аралығында Аягөз ауданын басқарды.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың маусымына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

2021 жылдың 28 маусымынан 2022 жылдың тамызына дейін Семей қаласының әкімі қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Абай облысынан сайланған депутаты болды.

2023 жылғы ақпаннан бері ШҚО әкімі аппаратын басқарды.