«Қамзин-Амангелді көшелерінің қиылысында «LADA» маркалы көлік пен скутер соқтығысты. Жол апаты салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға жатқызылды», делінген Павлодар облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, 37 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Қазір ол облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.