Ауа райы • 13 Шілде, 2023

Бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар өңірде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Мамандардың болжамына қарағанда, елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады. 

Астанада көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 9-14 метр, күндіз екпіні секундына – 15-20 метр болады. Ауа температурасы – түнде +21+23°С, күндіз – +30+32°С ыстық.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына – 0-5 метр. Ауа температурасы түнде – +23+25°С, күндіз – +36+38°С ыстық.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 8-13, 15-20 метр. Ауа температурасы түнде – +22+24, күндіз – +35+37°C ыстық.