Күрес • 13 Шілде, 2023

Жастар жарап тұр

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Иорданияның бас шаһары Амманда күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатқаны белгілі.

Жастар жарап тұр

Сары құрлық додасының алғашқы күнінде боз кілемде 15 жастағы грек-рим күресінің шеберлері белдесті. Бұл сында Қазақстан құрамасының жас балуандары нәтижелі өнер көрсетіп, 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болды. Осы нәти­же арқылы отандастарымыз жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

Атап айтар болсақ, Амман бозкілемінде Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпион­­дары атанса, Мәрлен Мейірбекұлы (62 кг) мен Аянбек Ибраев (85 кг) күміс жүл­деге ие болды. Сұлтан Мәулітханов (38 кг), Сұң­­қар Зарап (44 кг) және Дамир Ақан (52 кг) қолаға қол жеткізді.