Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша Азия біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде атлеттер 10 мың метрге жүгіруде жүлделерді сарапқа салды. Бұл сында ел намысын қорғаған ерлер арасындағы ұлттық құраманың өкілі Шадрак Кимутай Коеч аталған қашықтықты 29 минут 31,63 секунд уақытта жүгіріп өтіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бас жүлдені жапониялық желаяқ Рен Тазава жеңіп алса, қола медаль үндістандық атлет Пал Абхишекке бұйырды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 4-сатыда тұр. 16 шілдеге дейін жалғасатын сары құрлық бәсекесінде ел намысын 31 спортшы қорғап жатыр.