Зымыран тасығыш іске қосылып, көкке көтеріле бастаған сәтте жарылған.
Мәлім болғандай, аталған сынақты өткізген «Noshiro Testing Center» қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпеген.
«Epsilon S» - бұл JAXA әзірлеген ғарыш-спутниктік «Epsilon» зымыранының жетілдірілген нұсқасы.
Осы типтегі алғашқы ракета 2013 жылы ұшырылған еді. Былтыр көкке көтерілген «Epsilon-6» жоспарланған траекториядан ауытқып, кейін ол жасанды жарылыс арқылы жойылған.
Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі «Epsilon S» зымыранын ұшыруды келер жылға шегерді. Өйткені онда да Epsilon-6 сияқты жанармай багы қолданылады.
Негізінен «Epsilon» сериялы зымырандары қатты отынды пайдаланады. Сондықтан оның сұйық отынмен жұмыс істейтін ракеталарға қарағанда ұшуға дайындалу процесі күрделі емес.