Жекпе-жек • 16 Шілде, 2023

Алғашқы қадамын сәтті бастады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым саналатын UFC-де жерлесіміз Азат Мақсұм тұсаукесер кездесуін өткізіп, алғашқы айқасында жеңіске жетті.

Алғашқы қадамын сәтті бастады

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC on ESPN 49 турнирінде отандасымыз америкалық тәжірибелі файтер Тай­сон Нэммен (21-13-1) күш сынасты. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі кездесу үш раунд­қа жоспарланып, төрешілердің аралас шеші­мімен Азат Мақсұм 29:28, 28:29, 29:28 ұпайымен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз аралас жекпе-жектегі 17-жеңісіне, ал UFC-дегі алғашқы табысына қол жеткізді. Қарсыласы Тайсон Нэм болса осымен 14-рет жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Бұл оның UFC-дегі 8-жекпе-жегі болды. Нэм оның үшеуінде жеңіске жетсе, қалған бесеуінде жеңіліс тапты. Тайсон Нэм осыдан бес жыл бұрын тағы бір отандасымыз Жалғас Жұма­ғұловпен де сегізбұрышта шеберлік байқасып, ол кезде де қазақ батырынан басым түсе алмаған-ды.