Азия біріншілігінің кезекті жарыс күнінде өнер көрсеткен үш отандасымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Әйелдер арасындағы биіктікке секіру бәсекесінде сынға түскен Кристина Овчинникова мен Елизавета Матвеева бірдей нәтиже көрсетіп (186 сантиметр), жеңіс тұғырына көтерілді. Жеке көрсеткіштер бойынша бас жүлде Овчинникованың еншісінде кетсе, күміс жүлде Матвееваға бұйырды. Ал қола медальді 183 сантиметрге секірген өзбекстандық Светлана Радзивил жеңіп алды.
Сонымен қатар ядро лақтыру бойынша ел үздігі Иван Иванов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Шарболатты 19.87 метрге лақтырған отандасымыз Азия чемпионатында ел қоржынына төртінші медальді салды.