Елорда • 17 Шілде, 2023

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар объекті салынып жатыр. Оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылумен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Күзгі-қысқы кезеңге да­йындық аясында ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бірқатар қа­зан­дық­тар мен турбиналарды жөндеу жұмысы жоспарлан­ған. Жұмыстың бір бөлігі орын­далған. Сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2 аумағында газбен жабдықтаудың сыртқы желілері салынып, ЖЭО-1-дегі барлық 10 қазандық аг­регаты мен ЖЭО-2-дегі су жы­лыту қазандықтары қайта жаңартылды.

Қазандықтарды қайта құ­рудың басты бөлігі – табиғи газ­ды немесе көмірді/мазутты жағуға арналған жанғыш құрылғыларды ауыстыру.

Сондай-ақ «Астана-Энер­­гия» АҚ нысандарын ара­лау ­барысында Премьер-ми­нистрдің бірінші орынба­сары мен Астана әкімі жаб­дықтардың тозуын азайту, елор­даны сенімді энергиямен жаб­дықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайтуға бағытталған жаңа технологияларды енгізу үшін іске асыру жоспарланып отырған перспективалы жобалармен танысты.

Елорда әкімі Жеңіс Қа­сымбек қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін «Тұран» және «Оңтүстік-Шы­ғыс» екі газ жылу стансасы­ның құрылысы жүргізіліп жат­қа­нын атап өтті. Олардың қуа­ты құрылысы ұзаққа созыл­ған ЖЭО-3 қуатынан асып түсе­ді. Осы газ жылу стансаларын алдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосу жос­парланып отыр.

Нысандарды аралау барысында Премьер-ми­нистр­дің бірінші орынбасары мен Астана әкімі жаңа сор­ғы-сүз­гі стансасының (ССС-3) жұ­мысымен танысты. Мау­сым айында ССС-3 жұмы­сы­­ның бірінші кезеңі іске қосыл­ды, сондай-ақ Астана су қойма­сы­нан су тартқыштың жаңа тарма­ғының құрылысы аяқталды. Бұл қаладағы сумен жабдықтау мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

ССС-3 екінші кезеңін осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бас­қа Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау аяқталып қалды. Бұл жобалар қаланы одан әрі де ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндік береді.