Жұмыс • 16 Шілде, 2023

Астана 60 мың адамға жұмыс ұсынады

283 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі Арбат аумағында жастарға арналған дәстүрлі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл – биыл жастарға арналған 16-жәрмеңке. Оған 70 жетекші компания мен ұйым қатысты.

Астана 60 мың адамға жұмыс ұсынады

Әлеуетті жұмыс берушілер қата­рында «Қазпошта», «Қазақ­стан темір жолы», «Самұрық-Қазына», ERG, банк­тер, медұйымдар, оқу орталықтары және басқа да мекемелер бар. Жалпы, түрлі қызмет саласында 1300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған. Жәрмеңкені «Amanat» партия­сы қала әкімдігімен бір­лесе ұйымдастырды.

«Қаламызда тұрғындарды, оның ішінде түлектер мен жас­тарды жұмысқа орна­лас­т­ы­ру­ға арналған бірқатар бағ­дар­ламаны жүзеге асы­рып жатырмыз. Мәселен, биыл бизнес, әкімдік және білім беру институттарының ынты­мақ­тас­тығының арқасында 60 мың жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз», деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

см

Іс-шараға қатысқан «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жастарды жұмысқа орналастыру – Президент пен партияның сайлауалды бағ­дар­ла­масының маңызды міндеті екенін айтты.

«Мақсатымыз – 2029 жылға дейін 2,3 миллион жас­ты жұ­мыс­қа орналастыру. Сол үшін партияның «Жастар рухы» жас­тар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасын жүзеге асыра бастады. Мұны жұмысқа орналасудың кешенді тәсілі деуге болады. Барлық өңір бойынша бос орындар жәрмеңкелерін тұрақты өткізумен бірге жылдық 2,5% несие беру, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2 мың бос жұмыс орнын құру, жас мамандарды IT-дағдыларына үйрету үшін 3 мың ваучер бөлу және тағы басқа да көптеген мүмкіндік берілді. Бүгін жастар қауымы көп жиналатын елордалық Арбатқа 70-тен астам жұмыс беруші келді. 2000-нан астам адам қатысты. Бұл жастар үшін алғашқы еңбек жолын ірі де сенімді компаниялардан бастауға үлкен мүмкіндік береді», деді Ерлан Қошанов.

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қана­ты­ның төрағасы Нұржан Жет­піс­баев­тың айтуынша, жыл басынан бері 120-дан астам жәрмеңке өткізілген.

«Бұл тек қана облыс орта­лық­тары ғана емес, еліміздің облыс орталықтарына үзеңгілес шаһарлар, басқа да кішкентай ауылдық мекендерде өткіздік. Жалпы, біздің есептеуімізше, 90 мыңнан астам азамат біздің жәрмеңкелерімізге келіп, 18,6 пайызы жұмысқа орналасқан. Біз алдын ала анонс жасаған кезде және алдын ала хабарландыру жасаған кезде мұғалім, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың жұмыс тапшы­лы­ғын сездік. Жәрмеңке жас­тар­дың кәсіби, еңбек және кәсіп­керлік әлеуетін іске асыру­ға көмектесуді көз­дей­ді. Сәй­кесінше, мем­ле­кет­тік органдардың мамандары кеңес берді», деді Н.Жетпісбаев.