Аймақтар • 17 Шілде, 2023

Орал тұрғындары жарықсыз қалды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында екі күн қатарынан күшті жел соғып тұр. Толассыз жауған жаңбыр салдарынан 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орал тұрғындары жарықсыз қалды
Qazaqstan ұлттық арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес,  электр желілеріндегі апатты жойып, қалпына келтіру жұмыстарымен 10 бригада айналысып жатыр. Қала тұрғындары жарық болмаған соң ауызсу да уақытылы берілмей жатқанына шағымданып отыр.

Толассыз жаңбыр салдарынан көп қабатты тұрғын үйлер мен облыстық балалар ауруханасы, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатының жертөлелері суға толды. Жеке тұрғын үйлердің ауласына да су кірген.

Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, арнайы мамандар жұмысқа кірісті.