Қоғам • 17 Шілде, 2023

Теміртаулық металлург «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұйымдастырған кәсіби мерекеде автокөлік ұтып алды

352 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мемлекеттік наградалармен марапаттау, жүлделер ұтысы ойыны, қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуі – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургтер қаласына нағыз мереке сыйлады.

Теміртаулық металлург «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұйымдастырған кәсіби мерекеде автокөлік ұтып алды

Теміртау мен «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинаты бір-бірімен тығыз байланысты. Қаланың кез келген отбасысы Металлург күнін өзінің төл мерекесі санайды.

15 шілдеде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Теміртау тұрғындары мен қала қонақтары үшін Металлургтер күніне орай мереке ұйымдастырды. Теміртауда мұндай ауқымды ойын-сауық көптен бері болған жоқ.

Осы кеште «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Владимир Яблонский мен Теміртау қаласының әкімі Ораз Таурбеков металлургтер атына аса жылы лебіздерін білдірді.

«Құрметті әріптестер, металлургтер, сіздерді кәсіби мереке – Металлургтер күнімен құттықтаймыз! Металлург мамандығы ерекше мінезді, легирленген болаттың ең жақсы қасиеттерін бойға сіңірген  мінезді талап етеді. Біздің қалада бұл ерекше күн. Ол баршамызды біріктіреді. Осы комбинатты салғандардың, алғашқы металды өндіргендердің, дағдарыстан, қайта құру кезеңінен өтіп, осы кәсіпорынды сақтап қалғандардың және қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында жұмыс істейтіндердің барлығына айрықша құрмет білдіргім келеді. Бүгін – сіздерді құттықтап, рахмет айту үшін ең жақсы күннің бірі. Мен де өзімнің металлург екенімді мақтан тұтамын және осындай үлкен Теміртау отбасысының, металлургтер отбасысының мүшесі деп санаймын. Сіздер – біздің болашақ жеңістеріміз бен барлық табыстарымыздың негізісіздер. Сіздерге қауіпсіз еңбек, құт-береке және зор денсаулық тілеймін. Мейрам құтты болсын!», деді Владимир Яблонский.

р

Теміртау қаласының әкімі Ораз Таурбеков «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинаты – Қарағанды облысының және бүкіл елдің мақтанышы екенін атап өтті.

«Біздің қала өнеркәсіп алпауыты және республикамыздың дамыған өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып саналады. Біз үшін металлургия комбинаты – қала құраушы кәсіпорын ғана емес, сонымен қатар біздің экономикамыздың, өңіріміздің және еліміздің экономикасының локомотиві болып саналады. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін. Біздің Қазақстанның Магниткасы өркендей берсін, қаламыз да көркейе берсін!», деді Ораз Таурбеков. 

ер

Сондай-ақ осы күні металлургтерді «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин, Теміртау қаласы мәслихатының төрағасы Алексей Ломакин құттықтады.

Металлургия комбинатының үздік 20 қызметкері мемлекеттік награда – «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. 

«Мен өте қуаныштымын! Мереке керемет, ал әндер – біздің жастық шағымызға деген сағынышымыз. «Апрель» тобы оларды тамаша орындады. Мереке өте жақсы ұйымдастырылған. Мен осы оқиғаның бір бөлігі болғаныма ризамын. Өйткені, мұндай жоғары награданы көп адам алмайды. Менің еңбегімді басшылығымыз бен Қазақстан Үкіметі атап өткенін мақтаныш етемін», - деді III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кокс-химия зертханасының бірінші санатты инженері Светлана Леонова.

рл

Бірақ металлургтер үшін тосынсыйлар мұнымен біткен жоқ. Комбинат қызметкерлері арасында 49 велосипед ұтысқа қойылды. Ұтыс ойынын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Владимир Яблонскийдің өзі өткізді. Ал 50-ші жүлде «Haval» көлігі болды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу-механикалық зауытының шебері Сая Жакин оның бақытты иегері атанды. Ол алғашқы сәтте өзіне осындай олжа бұйырғанына тіпті сенген де жоқ. Сая Жаманбайұлы комбинатта 30 жылдан астам жұмыс істейді. Құрметті демалысқа шығуына аз-ақ уақыт қалды. Мұндай жүлдені жеңіп алу ол үшін нағыз қуаныш болды.

- «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына осындай мереке үшін, осындай сыйлық үшін алғыс айтқым келеді. Маған барлық достарым, әріптестерім, туыстарым қоңырау шалып, құттықтап жатыр. Кей біреуі менің өзім сияқты әлі де сенбей жатыр. Бірақ бұл рас! Мен әділеттілікке және өз компаниямға сенемін, - деді Сая Жакин.

Кеш бойы металлургтерді сахнадан Теміртау шығармашылық ұжымдары құттықтады. Жиналғандарға ұсынылған тағы бір сыйлық – Садраддин, Мирас Жугінісов және аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының өнер көрсетуі.

рт

«Мереке ғажап! Әсіресе «Дос-Мұқасан» тобы біздің жастық шағымызды еске түсрді. Мен металлургия комбинатында жұмыс істедім, қазір зейнеткермін. Барлық металлургке мықты денсаулық пен бейбіт аспан тілеймін», деді қала тұрғыны Лидия Файзулина. 

«Көңіл күйіміз тамаша, атмосфера керемет! Мереке айқын сезіледі. Бұл адамдарды біріктіреді және көңіл-күйді көтереді. Металлургтерді құттықтап, оларға осы күні ғана емес, өмір бойы зор денсаулық, бақыт және бар жақсылықты тілеймін», деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЛПЦ-3 термисті Иван Васьковский. 

Теміртаудың кешкі аспанын нұрландырған мерекелік салют кештің жарқын аяқталуы болды.

ер