Сенат • 17 Шілде, 2023

Маңғыстау облысында АЭА қызметін дамыту мәселелері талқыланды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысындағы жұмысы аясында әлеуметтік нысандарды аралап, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысында АЭА қызметін дамыту мәселелері талқыланды

Сенатор «Ақтау теңіз порты АЭА» АҚ-ға барып, арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен және оны одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Депутат экономика салаларындағы қолдау шараларына түсініктеме берді және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған негізгі тетіктерге тоқталды.

- «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңірдегі өнеркәсіп драйвері болып есептеледі. Жыл сайын аймаққа келетін шетелдік инвесторлардың саны көбейіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша серпін беріледі, деп атап өтті Орынбасаров.

Сапар барысында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен де кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде кәсіпкерлік саласын дамыту, отандық және шетелдік инвесторларды тарту мәселелері талқыланды. Сенатор сондай-ақ түрлі проблемалық мәселелер бойынша тұрғындарды да қабылдады.

Депутат «Каспий тұщыландыру зауыты» ЖШС-де болып, тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты. Зауытта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін тәулігіне 40 мың текше метр теңіз суын тұщытуға мүмкіндік беретіні айтылды. Бекбол Орынбасаров аталған кәсіпорынның маңыздылығын атап өтіп, жөндеу-орнату жұмыстарының жақын арада сәтті аяқталатынына сенім білдіретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03