Спорт • 17 Шілде, 2023

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолияда джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан намысын қорғауға аттанан атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев ел үмітін ақтап, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Моңғолияда жалауы желбіреген ересектер мен ардагер спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 15 шілдеде басталған еді.

«Әлемдік додаға 41 елдің 500 спортшысы аттанып, бақтарын сынап жатыр. Спортшылардың арасында Қазақстан намысын қорғаған атыраулық Жеңіс Нұрлыбаев 56 келіде сынға түсті. Ол қарсыластарының бәрінен басым түсіп, джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін әлем чемпионы атанды», делінген ведомствоның жағымды жаңалығында.

Айта кетсек, бұл Жеңіс Нұрлыбаевтың әлемдік додадағы екінші жеңісі. Еске салсақ, ол 2021 жылы Абу-Даби қаласында спорттың осы түрінен өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан еді.