Ауа райы • 17 Шілде, 2023

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан синоптиктері 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.
«Солтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», делінген хабарламада.

Ел аумағында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі

Астанада көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз өте ыстық +34+36°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан екпіні 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +36+38°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Екпіні 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +36+38°С.