Биыл жаңа форматта ұйымдастырылған бәсекеде ерлер 5, әйелдер 5 салмақ бойынша сайысқа түсті. Әуелі екі күн бойы әр салмақтың үздіктері анықталып, кейін олар тағы бірнеше күн бойы өз салмағын ұстап, шешуші күні ширек финал мен суперфиналда айқасты. Осы жекпе-жекте топ жарған спортшылар күзде Қытайда алауы тұтанатын Азия ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Дәл осы жүйе арқылы таэквондо спортының отаны саналатын Оңтүстік Корея бүгінге дейін өз елінің ұлттық құрамасын жасақтап келеді.
Жарыс қорытындысына сәйкес әйелдер арасында Ботакөз Қапанова (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг) және Жансель Дениз (+67 кг) өз салмақтарында үздік шықты. Ал ерлер са-йысында Елдос Ысқақ (58 кг), Нұрбек Ғазез (63 кг), Эльдар Бірімбай (68 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг) және Смайыл Дүйсебай (+80 кг) топ жарды.