Ол жергілікті таулы жерлерде демалушылар жаппай жиналған кезде іске қосылады.
Айта кетсек, ұлттық саябақтың орманды алқабы мен ерекше ландшафты өртті сөндіру жұмыстарын едәуір күрделендіреді.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарында ұшудың максималды жылдамдығы - бір сағатта 80 км дейін және оның бірнеше жұмыс режимі бар.
Заманауи құрылғы көлденеңінен 8 км-ге дейінгі қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 м биіктікке көтеріле алады, ауаьрайына және тәулік уақытына қарамастан, жылу анықтау камерасымен жабдықталған дрондармен тауда жоғалып кеткен адамдарды тез табуға болады.
Бұл заманауи құрылғы зардап шеккен адамдарға дәрі-дәрмектерді жеткізуді және құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етеді. Мониторингілеу жұмыстары 3 дронмен іске асады.
Бүгінгі таңда таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тауларда 160 от жағу жағдайларына жол берілмеді. Жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын 92 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.